"Бал айына аттанды": актриса Салтанат Серкебаева алғаш рет күйеуін көрсетті (фото)
Жарияланған күні:
Жақында ғана тұрмысқа шыққан Салтанат Серкебаева күйеуімен бал айына барып келді. Актриса көпшілікке ыстық мекенде қалай демалғанын көрсетіп, алғаш рет жолдасының суретін жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Салтанат Серкебаева үйлену тойы өте салысымен жолдасымен бал айына аттанған. Жас жұбайлардың таңдауы Мальдив аралдарына түскен. Олар ерлі-зайыпты ретіндегі алғашқы саяхаты қалай өткенін Instagram желісінде көрсетті.
Серкебаева бақытты сәтінен ерекше суреттер жариялап, қалың көпшілікке алғаш рет күйеуін көрсетті.
Желі қолданушылары жас жұбайларға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдіруде.
"Махаббаттарың баянды болсын", "Өте жарасымды жұп", "Жолдасыңыз суретке жақсы түседі екен", "Салтанат шынайы бақытты екені көрініп тұр", "Бір жастықта қартаюды нәсіп етсін", "Бақытты болуға әбден лайық жандар", - деп жазуда оқырмандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2066970-bal-aiyna-attandy-aktrisa-saltanat-serkebaeva-algas-ret-kuieuin-korsetti-foto/