Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түсіме жиі кіріп жүр": Ақбота Керімбекова марқұм әнші Ажар Түзелбекқызын еске алды (фото)

Жарияланған күні:

Ақбота Керімбекова
Видеодан кадр: Youtube/Qazaqstan TV

Ақбота Керімбекова 2011 жылы көлік апатынан қаза тапқан әнші Ажар Түзелбекқызын еске алды. Өнер иесі құрбысының түсіне кіріп жүргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ажаржан түсіме жиі кіріп жүр. Кейде сырласқысы келетіндей, кейде бірнәрсе айтқысы келетіндей... Біз Ажармен өте жақын дос болдық. Жалт еткен жасын ғұмырдың иесі осы Ажар еді... Қайтейін, алтыным-ау, өлшеп берілген өмірің тым қысқа болды ғой. Орның ойсырап тұр, құрбым", - деп жазды Ақбота Керімбекова Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетейік, әнші Ажар Түзелбекқызы 2011 жылы жол апатына ұшырады. Ол мінген көлік Алматы-Талдықорған трассасының бойында талға соғылған. Әнші Қапшағай ауруханасында көз жұмды.

Ал Ажар Түзелбекқызының жолдасы, айтыскер Оразалы Досбосынов 2005 жылы қарашада Алматы облысы Шонжы ауылынан келе жатқанда көлік апатына ұшырап көз жұмған болатын. Екеуінің артында Нұрайша, Нұрсұлтан есімді ұл-қызы қалды.

Айта кетейік, Ажар Түзелбекқызының "Анаға хат", "Сағындым сені" атты халыққа кеңінен танымал.

Ақбота Керімбекова сторис
Ақбота Керімбекова сторис. Скриншот: instagram.com/botakerim

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2067318-tusime-zii-kirip-zur-aqbota-kerimbekova-marqum-ansi-azar-tuzelbekqyzyn-eske-aldy-foto/