"Шүкір деңіздер": марқұм күйеуін еске алған Ләйлә Сұлтанқызы сахнада жылап қалды (видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы сахнада сөз сөйлеп жатып, көз жасына ерік берді. БАҚ өкілі отбасы тақырыбында сыр шертіп, марқұм күйеуін еске алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ләйлә Сұлтанқызының сахнада жылап қалған видеосы Instagram желісінде жарияланды. Онда тележүргізуші отбасы, бала-шағасы бар келіншектерге үндеу жасап, әр бақытты күні үшін шүкір ету керек екенін айтты.
Жанұя тақырыбы аясында сөз сөйлеп жатқанда БАҚ өкілі марқұм күйеуін есіне алып, ел алдында жылап қалды.
"Әркім өз миссиясын тапсын, әркім өзіне ұнайтын іспен айналыссын. Ал отбасы бар, алдында бала-шағасы жүгіріп жүрген қыз-келіншектер шүкір деңіздер. Сіздің жағдайыңызға жете алмай жүрген қанешама адам бар", - деді Сұлтанқызы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2067363-sukir-denizder-marqum-kuieuin-eske-algan-laila-sultanqyzy-saxnada-zylap-qaldy-video/