"17-18 кг тастадым": әнші Мақсат Базарбаев артық салмақтан қалай арылғанын айтты
Жарияланған күні:
Әнші Мақсат Базарбаев артық салмағынан жылдар бойы арылған. Өнер иесі "ХабарLike" бағдарламасында 17-18 кг салмақты қалай тастағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"17-18 кг артық салмақтан арылдым. Елдер секілді, ештеңе ішпедім. Артық салмақтан жылдар бойы арылдым. Өзіме "арықтаймын" деп мақсат қойдым. Салмақ тастау керек болды", - деді Мақсат Базарбаев.
Еске сала кетейік, осыған дейін Мақсат Базарбаев неліктен көпшілік назарынан тыс қалғанын айтты.
Сонымен қатар өнер иесі "МузАрттық" әншілермен әлі күнге араласатынын айтты.
"2001 жылы "Музарт" тобын құрдық. Топтың аты 6 айға дейін қойылмады. Үштік болдық. Ең алғаш "Сенің көзің" деген әнді жаздырдық. Арамызда Мейрамбек Бесбаев көшбасшы болды. Онымен бірге ән айтқаныма бақыттымын. Жігіттермен әлі күнге араласамыз. Бет жыртысып кетпедік. Қандай қуаныш, қайғы болмасын - біргеміз. Байланыстамыз", - деді Мақсат Базарбаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2067648-17-18-keli-tastadym-ansi-maqsat-bazarbaev-artyq-salmaqtan-qalai-arylganyn-aitty/