Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған жету қайда": Әсел Асқар өзін сөзбен мұқатқан жанның қазіргі жағдайы жайлы айтты

Жарияланған күні:

Әсел Асқар сұхбат беруде
Әсел Асқар. Скриншот: youtube/DinaraSatzhan

Актриса Әсел Асқар біраз уақыт бұрын өзін сөзбен мұқатқан жанды кездестіргенін айтты. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында уақыт бәрін реттейтініне көзі жеткенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін сауда орталығынан бір адамды көріп қалдым. Кезінде көкірегін ұрып, "Барлығы мендей болып алсын" деп айқайлайтын. "Сен жай ғана блогерсің. Маған жету қайда?" деген еді. "Қол қусырып, алдыма әлі-ақ келерсің" деген. Сол кездері өмірден түңіліп, еңсемді түсіруге сәл қалған едім. Ең қиын кезең болды.

Бүгін сол көкірегін ұрған адам, бір кісінің қол астында жүргенін көрдім. "Сонша армандаған, "Мен" деген жерің осы ма" деп сұрағым келді. Бірақ тектілігім жібермеді. Жо-жоқ! Дәлірек айтсам, аяғандықтан үндемей, көрмегендей түр жасап алдым. Құрсын, ұялдырмайын дедім. Ол мені көріп қалып, көзін жерге түсірді. Уақыт шынымен барлығын өз орнына қояды екен ғой. Жәй ғана күте білу керек екеніне тағы да көзім жетті. Өзіме риза болып, шүкір дедім. Тәтті күлкі, соңғы күлгенге бұйыратынын ұмытпау керек", - деп жазды Әсел Асқар.

Еске сала кетейік, Әсел Асқар жақында Алматыдан жер үй сатып алғанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2068017-magan-zetu-qaida-asel-asqar-ozin-sozben-muqatqan-zannyn-qazirgi-zagdaiy-zaily-aitty/