"Ұрмақ түгілі, балағаттаса да қашыңдар": Меруерт Түсіпбаева қыз-келіншектерге кеңес берді
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Меруерт Түсіпбаева қоғамда қызу талқыланып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты пікір білдіріп, қыз-келіншектерге кеңес берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Меруерт Түсіпбаева аталмыш тақырыпқа қатысты өз ойын Instagram парақшасында жеткізді. Әнші отбасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге еш ойланбастан қашуға кеңес берді. Өнер иесі адам ешқашан өзгермейді деп есептейді.
"Қайда қарасаң да, жапа шеккен әйелдер ғой. Құдай сақтасын, кейбір қазақтың еркектері не болып кеткен?! Болашақ стипендиясын алып, шетелде оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу бауырымыздың ісі анау. Енді ештеңе көрмедім, ештеңе білмедім деп отыр. Қыздар! Ұрмақ түгілі, балағаттап жіберсе де қашыңдар! Адам өзгермейді! Аяқтарыңа жығылып, құран ұстап жалынса да, 8-9 балаңыз етекке оралып жатса да қашу керек! Әйтпесе тым кеш болады", - деп жазды эстрада жұлдызы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2068212-urmaq-tugili-balagattasa-da-qasyndar-meruert-tusypbaeva-qyz-kelinsekterge-kenes-berdi/