"Қобалжу басылады деп ойладық": Қажет Смағұл сахнаға ішіп шыққан кезі болғанын айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актер әрі әзілкеш Қажет Смағұл сахнаға ішімдік ішіп шыққан кездері болғанын растады. Өнер иесі ащы суды ішкенде қобалжу басылып, тіл байлығы ашылады деп ойлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қажет Смағұл өнер жолына келген кезін есіне алып, көпшілік білмейтін сырын ақтарды. Өнер иесі расымен кезінде сахнаға ішімдік ішіп шыққан кездері болғанын айтты. Алайда кейін ол ащы судың көмегі бар деген қате тұжырым екенін түсініп, кәсіби сахнаға қадам басқалы бұл жаман әдетін доғарған.
"Сахнаға ішпей шыққан кезін болды ма? деп сұраған жөн сияқты. Біз кеңес үкіметі кезіндегі мектепті, сахнаны көрдік. Мен алғаш рет 13 жасымда сахнаға шықтым. 17 жасымда бір жарысқа қатыстым. Сол кезде маған дипломат атағын берді. Сол кезде ол кісілер үнемі ішіп жүретін. Концерт басталғанда, концерт кезінде, аяқталған соң да ішетін еді. Солармен жүріп, әбден үйреніп солай шығып жүргем. Бірақ Тұрсынбекке үлкен сахнаға келген соң бәрі қойылды ғой. Кәсіби сахнада оның бәрі тоқтатды. Бәрі біздің миымызда екен. Ішіп алсақ, қобалжу басылып, тіл байлығы ашылады деп ойлаймыз. Ол дұрыс емес екен, қате түсінік. Қазір сахна тұрмақ, былай да ішпейміз ғой", - деді Қажет Смағұл "Saumal" подкасытнда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2068920-qobalzu-basylady-dep-oiladyq-qazet-smagul-saxnaga-isip-syqqan-kezi-bolganyn-aitty/