"Қолында домбыра": қазақи нақыштағы шапан киген Қайрат Нұртас көпшілікті сүйсінтті (видео)
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас желіде жаңа видео жариялап, ел назарын бірден өзіне аударды. Қалың көпшілік ұлттық шапан киіп, қолына домбыра ұстаған әртіске тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қайрат Нұртас Наурыз мейрамы қарсаңында Instagram парақшасында қазақи стильдегі видеосын жариялап, оқырмандарын қуантты. Онда ұлттық шапан киіп, қолына домбыра ұстаған өнер иесінің киіз үйге кіріп бара жатқанын көруге болады.
"Рақмет саған, туған ел", - деген жазба қалдырды әнші.
Желі қолданушылары эстрада жұлдызына тәнті болып, оған жылы лебізін білдірген.
"Қайрекең қазақ болғанына, еліміздің осындай мықты ел алдындағы азаматы болғанына қуанамыз", "Қандай керемет көрініс", "Қазақтың біртуар баласы", "Қазақтың маңдайына біткен талант, мақтанышы", "Қайрат өркендей бер. Біз сенімен мақтанамыз", "Келе жатқан Наурыз мейрамы құтты болсын", "Қазақ сахнасының легендасы", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2069937-qolynda-dombyra-qazaqi-naqystagy-sapan-kigen-qairat-nurtas-kopsilikti-suisintti-video/