"Жүрекке жетті": Әли Оқапов марқұм әкесінің туған күнінде оған ән арнады
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Әли Оқапов марқұм әкесі Тасқын Оқаповтың туған күнінде оған ән арнап шығарды. Өнер иесі жаңа туындысын "Әкеге арнау" деп атаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әли Оқапов марқұм әкесіне арнап ән шығарғанын Instagram парақшасында жария етті. Шоу-бизнес жұлдызы қалың көпшілікке "Әкеге арнау" әнінің үзіндісін тыңдап көруге ұсынған.
Өнер иесі әсерлі туындысын асқар тауы әкесінің туған күнінеде жарыққа шығарды.
"Туған күніңмен, әке", - деген жазба қалдырды әнші.
Желі қолданушылары Әли Оқаповтың бұл әрекетіне тәнті болып, оған ыстық ықыласын білдірген.
"Өте керемет туынды. Жүрекке жылулық береді", "Өте әсерлі ән екен. Жүрекке жетті", "Жатқан жері жайлы болсын. Аруағы риза болып қалған шығар", "Жарайсың, Әли", "Сендей ұлымен мақтанатыны сөзсіз", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2070165-zurekke-zetti-ali-oqapov-marqum-akesinin-tugan-kuninde-ogan-an-arnady/