Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуекел Мүсілімнің келіншегі кішкентай кезінде қандай болғанын көрсетті (фото)

Жарияланған күні:

Тәкеуел Мүсілім жұбайы Махаббатпен. Фото
Тәкеуел Мүсілім жұбайы Махаббатпен. Фото: Instagram/mahonti__

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілімнің келіншегі Махаббат балалық шағын еске алып, көпшілікке кішкентай кезінде қандай болғанын көрсетті. Блогер ару бала күнгі суретін жариялап, елді тәнті етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Махаббат Мүсілім отбасылық мұрағаттағы суретін Instagram парақшасында жариялаған. Онда актердің келіншегі жаңа жылдық шыршаның алдында тұрғанын көруге болады.

"Альбомдарды ақтарып жатып, мынадай суретті тауып алдым. Бұл жерде екінші немесе үшінші сыныпта оқимын. Менің туған ағам мен әпкем", - деп жазды ол.

Махаббат Мүсілімнің Stories-i
Махаббат Мүсілімнің Stories-i. Скриншот: Instagram/mahonti__

Сонымен қатар Махаббат Мүсілім желіде жұлдыз күйеуімен түскен видеосын жариялап, оған деген сағынышын жеткізді.

Тәуекел Мүсілім де көп күттірмей бейнежазба астына пікір қалдырып, келіншегіне сағынғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2070735-tauekel-musilimnin-kelinsegi-kiskentai-kezinde-qandai-bolganyn-korsetti-foto/