Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Одан да зауыт-фабрика ашса ғой": Жазира Байырбекова елтаңбаны ауыстыруға қатысты ойын айтты

Жарияланған күні:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жазира Байырбекова елтаңбаны ауыстыруға қатысты пікірін айтты. Өнер иесі оған қыруар қаражат жұмсағанша, ол ақшаға зауыт-фабрика ашқан абзалырақ деген ой білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова қазіргі уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан тақырыпқа қатысты ойын Instagram парақшасында айтқан.

"Біреудің ақшасын, табысын санаған өте жаман екенін білемін. Сонда да елтаңбаны ауыстырғанға жұмсайтын қаражатты мақта, тері, ыдыс өндіріп шығаратын фабрикалар мен зауыттар ашса ғой деп ойлаймын тыныш жүрмей.

Мысалы біз балаларымызға Мәскеуден келді деп алып жүрген киімдер Өзбекстанда өндіріледі. Халық дәрігерге көрінуге Өзбекстанға барып жатыр. Лимон, қызанақ секілді жеміс-жидектерді "Ташкенттен әкелгенін беріңізші" деп сұрайтын болдық. Бұрындары Қапшағайда шәйнек, кеселер, Таразда шұжықтар, Түлкібаста алмалар, Қарағандыда кәмпиттер, Шымкентте костюм-шалбарлар шығарылатын еді", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2070750-odan-da-zauyt-fabrika-assa-goi-zazira-baiyrbekova-eltanbany-auystyruga-qatysty-oiyn-aitty/