Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеңгем қайта тұрмысқа шықпады": Нұрболат Қанай осыдан 9 жыл бұрын өмірден өткен ағасын еске алды (видео)

Жарияланған күні:

Нұрболат Қанай
Нұрболат Қанай. Фото: Yerdaulet Zhumayev

Көпшілікке Qanay лақап есімімен танымал әнші Нұрболат Қанай отбасында болған қайғылы қаза жайлы айтып берді. Өнер иесі осыдан 9 жыл бұрын өмірден өткен ағасын еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Осыдан 9 жыл бұрын Алматыда жүргенімде ауылдан "Ағаңды белгісіз біреулер пышақтап кетті. Ағаңнан айырылы қалдық" деген суық хабар келді. Ағамның артында бір ұлы мен бір қызы қалды. Сол жылдар біздің әулетке қиын тиді. Қазіргі күні ағамның балалары есейді.

Алайда жеңгем қайта тұрмысқа шықпады. Осы ән арқылы ағамның сағынышын, соңғы сөзін жеңгеме жеткізгім келді. Жеңге, сен бақытты болуға лайықтысың. "Қара бұлтың көшсін" деген әннің тарихы осындай", – деді Нұрболат Қанай Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Нұрболат Қанайдың екі жылға жуық уақыт бұрын шыққан әнінің сөзі қоғамда қызу талқыға түскен болатын. Әнші жағдайға пікір білдіріп, KAZ.NUR.KZ тілшісіне дау тудырған әнінің мағынасы мүлде басқа екенін айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2070810-zengem-qaita-turmysqa-syqpady-nurbolat-qanai-osydan-9-zyl-buryn-omirden-otken-agasyn-eske-aldy-video/