Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есіріп кетпесе болды": Гүлзира Айдарбекова қай келінін қаттырақ жақсы көретінін айтты

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова келінімен
Гүлзира Айдарбекова келінімен. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде қос келінін салыстырған көпшілікке жауап берді. Жұлдызды ене ұлдарының келіншектерін жер-көкке сыйғызбай мақтап, оларды өзара бөле алмайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова екі келінін өзара салыстырған желі қолданушыларына жауап берді. Белгілі продюсер екеуін де бірдей көретінін алға тартып, олардың бойындағы асыл қасиеттерін атады. Сөзінше, екі келіні де адал, өтірігі мен екіжүзділігі жоқ.

“Екеуінің қайсысы жақсы" деп Нүрекең екеуіміз жауабын таба алмадық. Екеуіне де көз тимесінші. Қызымыздай болып жүр, ең бастысы адал, өтірігі, екіжүзділігі жоқ. Құдайдан сұрарымыз да сол, келінім адал болсыншы деп сұраудан жалықпаймыз. Өмірдің мәні де сәні де ұрпағымызды жалғастырар осы келіндер ғой. Тек жақсылық жасаған сайын есіріп кетпесе болды. Біз тек жағдайларын реттеп беруге көмектескеніміз болмаса күніге жолдамыз ғой. Мұздатқыштарын, кем-кетігін толтырып бергенімізге мәз болып жүре береміз сол. Тапқанымызды бөлмелеп, "анау ренжіп қалмасын, мынау тырысып қалмасын" деп уайымдап жүреміз", – деп жазды Айдарбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2070864-esirip-ketpese-boldy-gulzira-aidarbekova-qai-kelinin-qattyraq-zaqsy-koretinin-aitty/