Наркенже Серікбаеваның анасы дүниеден озды
Жарияланған күні:
Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваның анасы өмірден өтті. Өнер иесі Instagram парақшасында марқұм анасының жаназасы қай жерде болатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Наркенже әпкеміздің анасы Ұлболсын апамыз Раббысына қайтты", – деп жазылған әншінің Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде жарияланған жазбасында.
Әнші таратқан ақпаратқа сүйенсек, марқұмның жаназа намазы 24 наурызда сағат 15:00-де болады.
Жаназа намазының өтетін орны: Түлкібас ауданы Түлкібас станциясы (үстірт), Әлтеев көшесі, 17 үй.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2072685-narkenze-serikbaevanyn-anasy-dunieden-ozdy/