Бүркіт 87 жасқа толған әкесінің құрметіне шоу-бизнес өкілдеріне ауызашар беріп, той жасады (фото, видео)
Жарияланған күні:
Әнші Бүркіт әкесі 87 жасқа толды. Өнер иесі шоу-бизнестегі әріптестерінің басын қосып, әкесіне той жасап, ауызашар берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Әкеміз 87 жасқа келіп, анам екеуі әдемі қартайып отыр. Сол үшін Аллама сансыз алғыс білдіремін. Арнайы берген ауызашарымызға келген жақын туыс, жора-жолдас, аға-бауырларымыз бен достарыма да үлкен алғысымды білдіргім келеді. Ұстаған оразаңыз қабыл болсын", – деп жазды Бүркіт Instagram-дағы парақшасында.
Видеодан әншінің қуанышына Тұңғышбай Жаманқұлов, Алтынбек Қоразбаев, Құдайберген Бекіш, Нұрлан Абдуллин, Гүлзира Айдарбекова, Жазира мен Жанболат, Нұржан Қалжан, Тоқтар мен Бейбіт, Ғаділбек Жаңай, Мирас пен Құралай, Шахизада, Гүлнұр Оразымбетова және тағы да басқа жұлдыздардың келгенін байқауға болады.
Өнер иелері тойда ойын ойнап, түрлі сайысқа қатысқан.
Сонымен қатар тойға келген жұлдыздар әлеуметтік желіде Бүркіттің әкесіне жасап берген тойынан естелік сурет пен видеоны жарыса жариялады.
Айта кетейік, ауызашар Алматы облысы, Талғар ауданындағы мейрамханада өткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073153-burkit-87-zasqa-tolgan-akesinin-qurmetine-sou-biznes-okilderine-auyzasar-berip-toi-zasady-foto-video/