"Жетінші рет ота жасалды": денсаулығы сыр берген Құрманай Бақтиярқызы қазіргі жағдайын айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал сазгер Құрманай Бақтиярқызы желіде байланысқа шығып, қазіргі жағдайын айтты. Өнер иесі денсаулығы сыр беріп, жетінші рет ота жасатқанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Құрманай Бақтиярқызы бүгінде үлкен сынақтан өтіп жатқанын алға тартып, Instagram парақшасында жан сырын ақтарды.
Белгілі композитор көпшілікке отадан кейін жақын досымен қауышқан сәтін көрсетті.
"Алланың Құдіретінің шексіздігіне айқын көз жеткізген сынақ болды. 99/1 пайыз соңғы үмітпен жетінші рет ота жасалды. "Төрт күн өту керек, сол уақыттан өтсек бәрі артта қалады" деген дәрігердің сөзін естіген достар барлығына дайын тұрған ғой. Мынау жарық дүниені менсіз елестете алмайтын жан досымның сағынып көріскен қуанышы", - деп жазды Құрманай Бақтиярқызы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073159-zetinsi-ret-ota-zasaldy-densaulygy-syr-bergen-qurmanai-baqtiyarqyzy-qazirgi-zagdaiyn-aitty/