Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бойымда үш ұлттың қаны бар": дизайнер Аида Кауменова отбасы туралы айтты

Жарияланған күні:

Аида Кауменова
Аида Кауменова. Фото: instagram.com/aidakaumenova_official

Отандық танымал дизайнер Аида Кауменова отбасы туралы жан сырын ақтарып, ел көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Белгілі сәнгер бойында үш ұлттың қаны бар екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аида Кауменова ата-анасы туралы сыр шертіп, олар отау құрған кезіндегі қызықтарды айтып берді. Дизайнердің сөзінше, анасы ұлты басқа болғанымен қазақша өте жақсы сөйлейді.

"Жақында ата-анам Алматыға тойға келіп кетті. Әкем мамандығы бойынша экономист. Өте мықты адам. Негізі менің мінезім әкеме ұқсаған. Анамды "тыныш басшы" деп атаймыз. Әкем Жетісу облысының азаматы. Әкем мен анам Алматыда кинотехникумда бірге оқыған, алғашында дос болып араласып жүрген. Бір күні әкем анама "Лариса, сені анаммен таныстыру үшін ауылға апарғым келіп отыр" деп айтқан, анам ол кезде қазақтың ешқандай салт-дәстүрін білмегендіктен, келісіп, ауылға барыпты. Содан ауылдағы үйге кіргеннен туыстар шашу шашып, ақ орамал жапқан. Анам көніп, қалыпты. Анам ұлты басқа болғанымен, қазақ тілінде бізден жақсы сөйлейді. Басқа ұлт өкілі болса да, тастай батып, судай сіңді", - деді сәнгер.

Оған қоса Аида Кауменова бойында үш ұлттың қаны бар екенін айтты.

"Кішкентай кезімде бір апам орыс, екіншісі қазақ болатын. Орыс апамның қолына барсам, орысша сөйлеп кететінмін, кейін қазақ апама келсем, үндемей отыратын едім. Өйткені, қай тілде сөйлейтінімді білмейтінмін. Содан олар "мына қызды енді ешқайда жібермеу керек, үндемей қалыпты" деп әзілдейтін. Негізі бойымда үш ұлттың қаны бар, яғни беларусь, татар, қазақ. Ата-анам қазір Сарқан қаласында тұрып жатыр. Биыл біздің отбасы үшін жақсы жыл болды. Інім үлкен үй салып, жаңа үйге қоныс аударды. 5 баланың әкесі. Бала күнімізде інім екеуіміз не ішеміз, не киеміз деп уайымдамай өскенбіз", – деді дизайнер "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073246-boiymda-us-ulttyn-qany-bar-dizainer-aida-kaumenova-otbasy-turaly-aitty/