Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі рет тұрмыста болдым": Аида Кауменова некесі неге сәтсіз аяқталғанын айтты

Жарияланған күні:

Аида Кауменова
Аида Кауменова. Видеодан кадр: Youtube/Жетінші арна

Қазақстандық танымал дизайнер Аида Кауменова отбасылық өмірі жайлы жан сырын ақтарып, некесі не себепті сәтсіз аяқталғанын ашып айтты. Екі мәрте тұрмыста болған сәнгер бүгінде ата-енесімен қандай қарым-қатынаста екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аида Кауменова "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасына сұхбат беріп, алғаш келін болып түскен кезін еске алды. Дизайнер екінші некесінде "ерке келін" болғанын жасырмайды. Сөзінше, ол енесімен өте жақсы қарым-қатынаста болған.

"Екінші рет Шымкент жаққа тұрмысқа шықтым. Күйеуімнің ата-анасы өте жақсы адамдар болды. Мені қатты жақсы көретін. Мен ерке келін болдым. Таңертен тұрсам, анам өзі тамақ жасап жүретін. Анам екеуміз жақсы қарым-қатынаста болдық. Мінезі қатал болса да өте ақылды кісі еді. Бірінші рет тұрмысқа шыққанда келіндік қызметті толықтай атқардым деп айта алмаймын. Алғашқы күйеуіме 30 жасымда, екіншісіне 40 жасымда шықтым", - деді Кауменова.

Сонымен қатар сәнгер екінші некесінің не себепті сәтсіз аяқталғанын түсіндіруге тырысты.

"Бірге көп тұрмадық, біз Алматыда, олар Шымкентте болды. Ал күйеуіммен төрт жыл бірге тұрдық. Өмір болғаннан кейін солай болды, екіге айырылдық. Қазір мүлдем араласпаймыз. Мен негізі, шыдамды адаммын. Көп нәрсеге шыдаймын. Бірақ, шыдам шегіне жеткенде кері шегіне алмаймын. Әйел көп нәрсені кешіре алады, бірақ оны ешқашан ұмытпайды. Ұмытса сол қателікке қайта ұрынуы мүмкін. Әйелдің бақыты тек ер адаммен байланысты емес. Әйелге де қолдау керек", – деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073297-eki-ret-turmysta-boldym-aida-kaumenova-nekesi-nege-satsiz-ayaqtalganyn-aitty/