Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстанға әйгілі адаммын": әнші Шаһизада дүкенінде сатылған "жыртық" көйлекке қатысты пікір білдірді (фото, видео)

Жарияланған күні:

Шаһизада
Шаһизада. Фото: "Менің өмірім" бағдарламасы

Тележүргізуші Жазира Бегалы балаларының өзіне сыйлық жасау үшін әнші Шаһизаданың дүкенінен көйлек алғанын, алайда оның "жыртық" боп шыққанын айтты. Әнші Шаһизада көйлек дауына қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бір апта бұрын тележүргізуші Facebook желісіндегі парақшасына балалары тарту еткен көйлектің суретін жариялады.

"Шаһизада ханым, әлеуметтік желі арқылы жыртық көйлек сатып, телефонды неге бұғаттап тастадыңыз? Мынау сіздің дүкеннен бір сағат бұрын балалар тапсырыс беріп, маған Наурыз мерекесіне алған сыйлығы.

Жыртық! Оны сары жіппен тігіп, қалай ұялмай сатып отырсыз? Оразада сол жыртық көйлектің ақшасы сізге садақа! Масқара! Балалар жыртықты көріп, сатқан нөмерге хабарласқан. Бұғаттап тастапты. Қыздар, Шаһизада дүкенінен осындай көйлек алдық. Қысқасы, бүгін Шоңжыдан іссапардан келдім. Балапандарым мені қуантайын деп көйлекке тапсырыс береді. Түркияның киімі, жеңілдікпен екен. Танымал әнші жыртық көйлекті парақшасында жарнамалаған. Сататын кезде осындай ақауы бар деп ескертпеген. Нәтиже осы. Сатқан адам нөмерді бұғаттап тастаған. Көмекшісі де мардымды жауап берген жоқ. Қысқасы, Шаһизада, мынау тірлігіңіз ұят", – деп жазды Жазира Бегалы.

Арада біраз уақыт өткенде әнші Шаһизада дүкенінде сатылған көйлек дауына қатысты пікір білдірді. Әншінің пікірін aiym_kenzhalieva Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Киімдердің бәрі өте сапалы, өзім киіп жүрген киімдер. Жақсы киім екенін айта аламын. Мына көйлек туралы "жыртық" деген айқай-шу боп жатыр екен. Күніне неше әйел киіп көреді. Толық та, арық та адамдар киеді. "Сізге тар болады" десең де, қарамай киіп көреді. Жазира ханымды жақсы танымайды екенмін. Мына 50 мың теңгенің көйлегін, 20 мың теңгеге алыпты. Бізде жеңілдікте тұрған, бір түйір қалған көйлектер. "Жыртық" деп, әлеуметтік желіге салыпты. Бұл ешқандай жыртық емес. Мына жері кішкентай сөгілген болар. Қараңыздар, әп-әдемі. 20 мың теңгеге не үшін түсіп тұр? 2-3 мың теңгеге жөндете салуға болады. Бұл киілмеген әдемі көйлек.

Мен жыртық көйлек сататын ақымақ адам емес шығармын. Бүкіл Қазақстанға әйгілі адаммын ғой. Жыртық деген сөзге намыстандым. Жыртық ештеңесі жоқ. Кез келген киім сөгіледі. Өйткені, ол - шүберек. Бұл әдемі көйлек. Тек толықтау әйел кигенде, арты кішкене сөгілген. Соны жыртық деп әлемге жайып жіберген бе? Түсінем, контент керек. Біреулердің арқасында нан тауып, әлеуметтік желісін байытатын, пікір жинайтын сондай парақшаға түсіп қалған екенбіз. Кешірім сұраймыз. Мен кешірім сұрадым, сонда да ренжіп қалған көрінеді", – деді видеода Шаһизада.

Сонымен қатар тележүргізуші Жазира Бегалы бұл даудың шешілгенін атап өтті.

"Қызыл көйлектің дауы дау-дамайсыз шешілді. Бірақ жазбаны алып тастамаймын! Түнде сағат 12-ге таяу әншінің көмекшілері көйлектің ақшасын қайтарыпты. Жазбаны өшірсін деп өтініш жасапты. Мен балаларыммен сатушы, көмекшілерінің қалай сөйлескенін естіп, "шок" болдым. Жыртық көйлек сатып жібердік деген қылдай ұялу немесе кешірім сұрау жоқ. Біреуі бұғаттап, екіншісі "Ертең шешеміз, көреміз" деп мұрын шүйіргеніне, қоқысқа тастайтын киімді бір уыс теңгеге сатқанына намыстанбағанына, "Ойпырм-ай" деп жағамды ұстадым.

Шаһизаданың дүкеніне жоламаспын. Тұтынушы құқығын таптауға ешкімнің құқығы жоқ. Атақты әншіге ескерту "Тауарды қайтарып алмаймыз" деген хабарламаңызды алып тастаңыз", – деп жазды Жазира Бегалы Facebook желісіндегі парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073303-qazaqstanga-aigili-adammyn-ansi-sahizada-dukeninde-satylgan-zyrtyq-koilekke-pikir-bildirdi-foto-video/