Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шаһ-Керім Кәрменов: Әкем тірі кезінде министрдің кабинетін теуіп кіретін дәрежеде болдық

Жарияланған күні:

Шаһ-Керім Кәрменов сұхбат кезінде
Шаһ-Керім Кәрменов сұхбат кезінде. Видеодан кадр: Youtube/NTK ENTERTAINMENT

"Бір болайық" бағдарламасының жүргізушісі Шаһ-Керім Кәрменов әкесі өмірден өткен кезді еске алып, отбасына түскен ауыр сынақ туралы айтып берді. БАҚ өкілі асқар тауы әкесі қайтыс болғанда барлық есіктер жабылып, көптеген мүмкіндіктен айырылып қалғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шаһ-Керім Кәрменов басынан өткен аса қиын кезең жайлы "Taboo" бағдарламасында айтып берді. Тележүргізуші бұл сынақтан анасының қайсар мінезінің арқасында аман шыққанын алға тартты.

"Әкем қайтыс болғанда өте ауыр әрі қауіпті жағдайға тап болдық. Ол кезде анамның темірдей қайсар мінезі болмағанда біз ол күйден шықпас едік. Анам 60 жылын энергетика саласына арнады. Әкем тірі кезінде тіпті министрдің кабинетін теуіп кіретін дәрежеде болдық. Ал әкем өмірден өткенде бүкіл есіктер жабылды. Әрине достары қалды. Бізге әлі күнге дейін көмектесіп тұрады. Бірақ көптеген байланыстар мен әкем тірі кезінде болған мүмкіндіктер жоққа шықты. Сол кезде анамның жұмысы мен жалақысы болмаса, біз тентіреп кететін едік. Ол кезде үлкен тоқырау кезеңі болған еді. Сол кезеңнен анам бізді алып шықты", - деді Кәрменов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073432-sah-kerim-karmenov-akem-tiri-kezinde-ministrdin-kabinetin-teuip-kiretin-darezede-boldyq/