"Алғашқы сынағым": "Бір болайық" жүргізушісі қатысушы қызды көңілдесі болуға шақырғаны рас па
Жарияланған күні:
Атышулы "Бір болайық" бағдарламасының жүргізушісі Шаһ-Керім Кәрменов қатысушы қызды көңілдесі болуға шақырғаны жөнінде айтылып жатқан қауесеттерге жауап берді. БАҚ өкілі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Шаһ-Керім Кәрменов бұл ақпарат шыққанда желіде не себепті үнсіздік танытқанын түсіндірді. Тележүргізуші шындыққа жанаспайтын әңгімеге бола ақталғысы келмегенін жеткізді.
"Ақталудың өзі кінәлі болудың 50 пайызын меңзейді екен. Мен негізі қандай жобаны жүргізуге бара жатқанымды білдім. Менің өмірімдегі ең басты приоритет – әкемнің айтқан сөзі. "Адам болып келдім өмірге, адам болып кетсем – тілегім". Адам болып кету бүкіл ұрғашыларды жинап емес, өз жарын тауып, бар өмірін сол адамға арнау деп білемін. Еркек болған соң қызға қарайсың деп жатады ғой. Бірақ мен қызға қарау мен еркектікті теңестіруге болмайды. Егер мен шынымен сондай өмір салтын ұстансам, ол сезілетін болса, мұндай жаланың кез келгеніне сенуге болады. Өзімнің алғашқы сынағым және сол сынақтан сүрінбей өткенімнің белгісі сол кез болды. Кез келген адамға жала жауып жіберуге болады.
Мен ол кезде тіпті ақталуға тырысқан жоқпын. Айтса, айта берсін. Мен өйткені аққа қанша жерден қара жақсаң да, оның қараймайтынын, тура осылай, қараға қанша жерден ақ жақсаң да, оның ағармайтынын білемін. Сондықтан ол ақпарат алғашында әлеуметтік желіге шыққан кезде келіншегіммен тамақтанып отырған едік. Ол кісі видеоны маған көрсетіп, "мына қыздың ісі тыныштық па?" деп сұрады, мен күлдім де "осылардың айтпайтыны жоқ" деп отыра бердім. Біздің арамызда бір-бірімізге деген кішкентай болсын күмән жоқ. Оның үстіне, халық та күмәнданған жоқ, тіпті елемеген де болар.
Тележүргізуші қатысушы арудың мұндай әрекетке не үшін барғанын білмейтінін айтты. БАҚ өкілі өзіне қатысты жалған ақпаратты келіншегімен тамақтанып отырғанда естіген. Алайда Кәрменовтың әйелі күйеуінің адалдығына еш күмінданбаған.
"Оның неге бұлай жасағынан білмеймін. Әр адамның аласы ішінде. Бәлкім бізге ренжіген шығар. Ол қыз біздің жобадан шығып, ұқсас басқа бағдарламаға кетті ғой. Әрине, екі бақталас жоба болғандықтан арамызда мәселе туды. Біздің жобада келісімшарт толтырылады. Онда жобадан шыққан қатысушы кем дегенде 6 ай бойы басқа жобаларға қатысушы болып бармауы керек деген шарт бар. Осы секілді шарттарды бұзып, өзін ақтап алу үшін жасады ма немесе "бірінші болып шабуыл жасамасам, олар мені сотқа береді" деп ойлады ма, әйтеуір бір логикамен жасады. Ол қызға хабарласқам жоқ. Мәні жоқ әңгімені бастағым да келмейді. Жеткен дәредесі сол болып тұр ғой. Керісінше, менің оған жаным ашыды", – деді Шаһ-Керім "Taboo" бағдарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073492-algasqy-synagym-bir-bolaiyq-zurgizusisi-qatysusy-qyzdy-konildesi-boluga-saqyrgany-ras-pa/