Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айсәуле Бақытбек жер сілкінісінен кейін қайда көшкенін айтты (фото)

Жарияланған күні:

Айсәуле Бақытбек
Айсәуле Бақытбек. Фото: instagram.com/aissaulebakytbek

Айсәуле Бақытбек жер сілкінісінен кейін екі баласы мен екі итін, екі бала күтушісін алып, күйеуінің ата-анасына көшіп барған. Блогер Instagram-дағы парақшасында бөлек тұрудың өз рақаты барын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі Айсәулеге сауал жолдап, жер сілкінісінен кейін қайда көшкенін білгісі келген.

Ал блогер екі баласы мен екі итін, екі бала күтушісін алып, ата-енесінің үйіне көшіп барғанын айтты.

"Жер сілкінгеннен кейін күйеуімнің ата-анасына көшіп бардық. Олардың бізді үнемі қуанып қарсы алатыны жақсы болды. Бірақ өз үйімізге қайта көшкенде де, қуанды.

Біздің екі баламыз, екі бала қараушымыз, екі итіміз бар. Бұлай ұзақ уақыт бірге тұру бәріне ыңғайлы емес. Біраз уақыт бірге тұрдық. Әрине, бұл да тәжірибе. Бірақ бөлек тұрудың өз рақаты бар", – деді Айсәуле Бақытбек.

Айта кетейік, осыған дейін Айсәуле неге енесімен бірге тұрмайтынын баяндап берген болатын.

Айсәуле Бақытбек
Айсәуле Бақытбек. Скриншот: instagram.com/aissaulebakytbek

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2074605-aisaule-baqytbek-zer-silkinisinen-keiin-qaida-koskenin-aitty-foto/