Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шатастырмайық": Жұлдыз Әбдікәрімова қарапайым болуға шақырған көпшілікке жауап берді

Жарияланған күні:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қарапайым болуға қатысты ойын айтып, желіде жазба жариялады. Өнер иесі көпшілікке қарапайымдылықты қарабайырлықпен шатастырмау керек екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова қарапайым болуға шақырған көпшілікке Instagram парақшасында жауап берді. Актриса қарапайымдылық сөзінің мағынасын қалай түсінетінін айтып берді.

"Қарапайым. Соңғы кезде осы сөзге мән беріп жүрмін. Кей ортада "Сіз өмірде өте қарапайым екенсіз" деп жатады. Ол мақтау ма? Ал көбінде әлеуметтік желіде "Адам қарапайым болуы керек!" деп ескерту айтып жатады. Ол кезде қандай сезімде болу керек? Мұқағали бір өлең жолдарын "Мен қарапайым қарттарды сүйем, нe деген керім еді!" деп бастайды. Бұл жолдардан жылулық сезіледі.

Әдебиетте бұл сөздің мағынасын "Бұқарадан өзгешелінбей, артық міндеттер мен ерекшеліктер пікірін құптамайтын көзқарасындағы адам. Яғни көппен бірге жүретін, ерекшеленбейтін, бұқаралық, әлеуметтік деңгейде ойлайтын адам" деп түсіндіреді. Бірақ осы сөзді қара пайым деп бөліп жазсаң мүлде басқа мән береді. Мендегі ой мынау қарапайымдылықты қарабайырлықпен шатастырмайықшы", - деп жазды өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2074608-satastyrmaiyq-zuldyz-abdikarimova-qarapaiym-boluga-saqyrgan-kopsilikke-zauap-berdi/