"Біз қалағандай бола бермейді": Ләйлә Сұлтанқызы Арман Давлетьяровтың жүргізушіліктен неге кеткенін айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әріптесі Арман Давлетьяровтың "Төрлетіңіз" бағдарламасынан не себепті кетіп қалғанын ашып айтты. БАҚ өкілі енді бағдарламаны актер Тәуекел Мүсіліммен бірге жүргізетін болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында көпшілікке "Төрлетіңіз" бағдарламасының жаңа жүргізушісін таныстырып, белгілі телепродюсер Арман Давлетьяровтың жобадан не себепті кеткенін түсіндірді.
БАҚ өкілі бұл уайымдайтын жағдай емес екенін айтып, көрермендерді жаман ойлардан аулақ болуға шақырды.
"Құрметті оқырманым, көрерменім! Арман Давлетьяров екеуміз "Төрлетіңіз" хабарының екі маусымын жүргізгенімізді қысқа Reels, Stories, жазбалар арқылы көбіңіз жақсы білесіздер. Күні кеше 3-маусымның алғашқы бөлімі эфирге шықты. Арекеңнің орнында жас болса да, осы уақытқа дейін көптің көзайымына айналған, сымбатты, иманды, жылы жүзді Тәуекелді көргендер "Арманмен не жағдай болып қалды екен?" деп сұрап, жекеме әлі күнге дейін жазып жатыр.
Көңіл, ниеттеріңізге рақмет! Уайымдайтын жағдай емес. Шын мәнінде Арекеңнің басқа да жобалар жасап жүргенін жеке парақшасынан көруге болады. Бәрі біз қалағандай бола бермейді ғой бұл өмірде. Уақыт пен мүмкіндіктің ыңғайы бірдей келмегендіктен ағаның жолын інісі жалғастырды", - деп жазды Сұлтанқызы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2074647-biz-qalagandai-bola-bermeidi-laila-sultanqyzy-arman-davletyarovtyn-zurgizusilikten-nege-ketkenin-aitty/