"Пәк қызсыз ба": екі рет тұрмыста болған Дильназ Ахмадиеваны оқырмандары күлдірді
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева желіде оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді. Желідегілердің қойған сауалдары өнер иесінің күлкісін келтірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Оқырмандарының бірі эстрада жұлдызына аса орынсыз сұрақ қойған.
"Сіз пәк қызсыз ба?", - деп сұрады ол.
Дильназ Ахмадиева бұл сауалға әзілмен жауап берді.
"Әрине, дәл солай. Ұлым Зейдан өтірік айттырмас", - деп жазды әнші.
Тағы бір желі қолданушысы өнер иесінің жеке өміріне қатысты сұрақ қойып, оның күлкісін келтірген.
"Күйеуіңізге дейін өміріңізде біреу болды ма?", - деп сұрады оқырман.
"Қай күйеуімді айтып тұрсыз? Біріншісі ме әлде екіншісі ме? Мүмкін үшінші күйеуімді айтып тұрсыз", - деп жауап берді Ахмадиева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2074704-pak-qyzsyz-ba-eki-ret-azyrasqan-dilnaz-axmadievany-oqyrmandary-kuldirdi/