"Қарызға ақша сұрады": Жәния Джуринская алаяқтардың құрбаны болғанын айтты (фото)
Жарияланған күні:
Актриса Жәния Джуринскаяның жеке телефон нөмірін бұзып, алаяқтар оның атынан қарыз сұраған. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында оқырмандарына жағдайды түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Менің телефон нөмірімді бұзып алды. Алаяқтар менің атымнан қарызға ақша сұрап, бәріне жазып жатыр. Ешкімге ақша жібермеңіздер. Бұлар – алаяқтар.
Маған хабарласпаңыздар. Қазір бүкіл Қазақстаннан хабарласып жатыр. Нөмірімді ретке келтіріп жатырмын", – деді Жәния Джуринская.
Еске сала кетейік, осыған дейін Мақпал Жүнісова да әлеуметтік желіде алаяқтардың құрбаны болғанын хабарлаған болатын. Өнер иесі WhatsApp желісінде өзінің атынан жалған сілтеме жіберіліп жатқанын ескертті.
"Алаяқ біреу осындай хабарлама таратып, алдап жатыр екен. Сенбеңіздер! Менің WhatsApp желім бір тәулікке өшті", - деді Мақпал Жүнісова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2075130-qaryzga-aqsa-surady-zaniya-dzurinskaya-alayaqtardyn-qurbany-bolganyn-aitty-foto/