Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шектеу жоқ, еркін адаммын": әнші Yenlik келіндік өмірі жайлы жан сырын ақтарды (видео)

Жарияланған күні:

Рэп орындаушы "Yenlik"
Рэп орындаушы "Yenlik": Instagram/yenleak

Жастар арасында кеңінен танымал әнші Yenlik отбасылық өмірі жайлы сыр шертіп, күйеуінің өнеріне көзқарасы қандай екенін ашып айтты. Өнер иесі тұрмысқа шығып, шығармашылықтан бір жылға үзіліс алғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Yenlik келін атанғалы быр жылдай тыңдармандарына жаңа туынды ұсынбады. Әнші ару шығармашылығын енді қолға алып, жанкүйерлерін қуантпақ.

"Біз демалыс алдық. Мен тұрмысқа шықтым. Жұмысқа енді кірісеміз деген ойдамын. Отбасылық өмірім күшті. Сол өмірге енді үйренісіп жатырмын десем болады", - деді өнер иесі.

Сонымен қатар Yenlik жолдасының оның шығармашылығына көзқарасы қандай екенін айтты.

"Біздің отбасыда рұқсат еті, рұқсат етпеу деген жоқ. Шектеу деген жоқ. Мен еркін адаммын, күйеуім де еркін адам. Ол маған ешқандай шектеу қоймайды. Керісінше, ол маған көмектеседі. Өлеңді шығарар алдында оны үш адамға тыңдатамын. Әкеме, продюсеріме және жолдасыма. Күйеуім менің ең алғашқы бейнебаянымды түсіріп берген. Сол кезде танысып, жарты жылдан кейін сезіміміз ашылды", - деді Yenlik "Revue News" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2075409-sekteu-zoq-erkin-adammyn-ansi-yenlik-kelindik-omiri-zaily-zan-syryn-aqtardy-video/