"Қазақша стильде": ауызашар берген Айқын мен Жұлдыз оқырмандарынан сын естіді (видео)
Жарияланған күні:
Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали қазақша стильде ауызашар берді. Ауызашардан кейін ойын ұйымдастырған жұлдызды жұпты желі қолданушылары сынап тастады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Осының бәрін ұйымдастырып, дайындаған Жұлдызға рақмет! Арасында ойындар ұйымдастырылды. Малдас құрып, көрпе төсеп, жер үстелде, дастарқанда отырғанға не жетсін?", – деп жазды Айқын Төлепберген Instagram-дағы парақшасында.
Видеодан ауызашар өткеннен кейін қонақтары арасында ойын ойнатылып, олардың би билегенін көруге болады.
Сонымен қатар ауызашарға келген қонақтардың барлығы ұлттық киіммен келген.
Желі қолданушылары ауызашардан соң би биленіп, ойын ойналғанын сынап тастады.
"Ауызашардан кейін құран бағышталады", "Ауызашар ислам дінінде тән құмарын тию дегенді білдіреді", "Ораза мереке емес. Ораза біткеннен кейін үш күн Айт мерекесі болады", "Оразада адамдар күнәсін ойлап, қайғырып, кешірім сұрауы керек", "Басқа уақытта да билейсіздер ғой. Бір ай оразада адамдарға не болған?", "Тойлап, билейтін той емес. Бұларың болмады", – деп жазды желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2075517-qazaqsa-stilde-auyzasar-bergen-aiqyn-men-zuldyz-oqyrmandarynan-syn-estidi-video/