"Оны жылатуға тура келетін": Лаура Сейтбек Қайрат Нұртаспен жұмыс істеген кезін еске алды
Жарияланған күні:
Отандық танымал продюсер әрі журналист Лаура Сейтбек қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртаспен жұмыс істеген кезін еске алды. Әншінің бұрынғы директоры оның сол кездегі гонорары қанша болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Лаура Сейтбек Қайрат Нұртастың директоры болу өте қиын екенін алға тартты. Ол әртіске түскен тапсырыстарды қабылдап, оның графигін реттеумен айналысқан. Сөзінше, тіпті кейде әншіні жылатуға тура келетін жағдайлар да болған.
Өнер иесінің бұрынғы продюсері оның гонорары қанша болғанын да айтты.
"Қайраттың директоры болу өте қиын. Телефонға маза жоқ. Күні-түні коңырау шалады, тапсырыстарды қабылдайсың. Қайраттың графигін реттеп, бәрін келістіресің. Кейде Қайратты жылатуға тура келетін. Себебі маңызды тапсырыстар болады. Оған жету үшін екі рет ұшақпен ұшу керек болады. Ол кезде бизнес-класс деген жоқ. Сол кезде Қайрат жылайтын. Ал мен түсінбейтінмін.
Онысын енді түсініп жатырмын. Өмірінің көп бөлігі ұшақта өтеді екен ғой. Шаршап барып, рейске отырады. Қайрат үшін бизнес-класс жайлылық емес, қажеттілік. Оның жалғыз демалатын жері ұшақ болған. Бізде стандартты райдер болатын. Ұшаққа билет, қонақ үй, көлікпен күтіп алу дегендей. Менімен жұмыс істегенде Қайрат гонорары ең үлкен әнші болатын. Ол кезде 7 мың доллар еді. Қазір де бірінші орынды бермей келеді деп ойлаймын", - деді Лаура Сейтбек "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2077475-ony-zylatuga-tura-keletin-laura-seitbek-qairat-nurtaspen-zumys-istegen-kezin-eske-aldy/