"Бір дастарханда отырмаймыз": блогер Әлішер Қонысбаев Қайрат Нұртаспен неге араласпай кеткенін айтты
Жарияланған күні:
Жастар арасында кеңінен танымал блогер Әлішер Қонысбаев хитмен Қайрат Нұртаспен неге араласпай кеткенін ашып айтты. Кезінде бірге гастрольдік турға шығып, дуэт орындаған жұлдыздар бүгінде бір дастарханда отырмайды екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әлішер Қонысбаев өнердегі ағасымен не себепті бұрынғыдай араласпай кеткенін "Өзіміз ғой" бағдарламасында түсіндірді.
"Қайрат Нұртасқа еліктеген жоқпын. Әндерін тыңдайтынмын. Оның әндерін тыңдамаған адам жоқ шығар. Қайрат ағамен талай уақыт ән сапарында бірге жүрдік, шетелге бардық. Негізі біз Нұрдәулеттің (ред. NNN) туған күнінде таныстық. Қатты сөйлеспейміз, қойдық (күлді). Көрген кезде араласамыз ғой. Бірақ ол маған аға болып, мен оған іні болып араласпаймыз, бір дастарханда отырмаймыз. Оған жас айырмашылығымыз да септігін тигізді. Оның үстіне әркімнің өз жұмысы бар", - деп түсіндірді блогер.
Айта кетейік, блогер мен әнші "Baby" атты туындыны шығарып, дуэт орындаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2077661-bir-dastarxanda-otyrmaimyz-bloger-aliser-qonysbaev-qairat-nurtaspen-nege-aralaspai-ketkenin-aitty/