Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біреудің қалтасына кетеді": Еркебұлан Тоқтар су тасқынынан зардап шеккендерге ақша жинауға қарсы шықты

Жарияланған күні:

Еркебұлан Тоқтар
Еркебұлан Тоқтар. Фото: youtube.com/@OCTAGONTV

Қазақстандық танымал актер Еркебұлан еліміздің кей өңірлерінде орын алған су тасқынына қатысты пікір білдіріп, зардап шеккендерге ақша жинауға қарсы шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Өнер иесі халықтың жинаған ақшасы көп жағдайда жеке адамның қалтасына кетіп жататынын айтты. Актер азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялап, отандастары үшін қатты алаңдаулы екенін жеткізді.

"Хабарлама көп келіп жатыр. Мен сендерге ТЖМ бастығы емеспін. Сендердің төлеген салықтарыңнан жалақы да алып отырған жоқпын. Өзіммен өзім жүрген адаммын. Отыр ғой адамдары, солар істесін жұмыс. Олардың жұмысына араласа алмаймын. Ақыл айта алмаймын. Себебі маманы емеспін. Блогерлердің басын қос деп ақыл айтпай-ақ қойыңдар. Ақыл айтатындар мен басын қосатындар билікте отыр. Соларға айтыңдар. Уайымдап жүргенім рас. Бірақ парақшама түрлі видео жүктегеннен пайда жоқ. Елімнің амандығын дұғама қосып жатырмын", - деп жазды ол.

Еркебұлан Тоқтар қайырымдылық жасап, ақша жинауға қатысты ойын айтты

"Бірдеңе болса, ақша жинағанды қою керек. Болатынға да, болмайтынға да жинап беруді тоқтатайықшы. Ақша жинаудың неше түрлісін көрдік. Жинап бересің, біреулердің қалталарына кетіп қалып жатады. Көмекке деп жинаған ақшаңды жеп тастайды. Жай жүрген адамның өзі жеп қалсам, ақша істеп қалсам деп жүр", - деп жазды өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2077931-bireudin-qaltasyna-ketedi-erkebulan-toqtar-su-tasqynynan-zardap-sekkenderge-aqsa-zinauga-qarsy-syqty/