Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жазасын қайда өтеп жатқаны белгілі болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов
Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов. Видеодан кадр: instagram.com/make_sakevich

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Павлодардағы №44 мекемеде жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі ресми сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомстводағылар сотталғандар Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов №44 мекемеде жазасын өтеп жатқанын хабарлады. Бұл ең төменгі қауіпсіздік колониясы Павлодар қаласының шекарасында орналасқан.

Екеуі де 2024 жылғы 13 наурыздан "Еңбек" РМК филиалында құрылыста жұмыс істеп жатыр.

"ІІМ ҚАЖК №44 мекемесі РММ-нің мінездемесі бойынша Мейіржан Төребаевқа мекемеде жазасын өтеу кезеңінде ешқандай жазалау шаралары қолданылмаған. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 95-бабының талаптарына сәйкес тәртібінде оғаш қылық жоқ деп танылды", - деді Павлодар облысы бойынша ҚАЖК өкілдері.

Сондай-ақ ведомство өкілдері Мейірхан Шерниязовты жазалау шаралары жоқ екенін айтты.

Еске салайық, 2022 жылғы ақпанында блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. Кейін олар қамауға алынды.

Бірінші сот отырысы 2022 жылғы желтоқсанында өтті. Шерниязовтың адвокаты оның қорғауындағы азаматтың өзі 36 миллион теңге қосқандықтан, жәбірленушілер қатарынан шығарылғанын айтты.

2023 жылғы 23 маусымда сот үкімі шықты. Вайнерлер ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2079731-meiirzan-torebaev-pen-meiirxan-serniyazov-zazasyn-qaida-otep-zatqany-belgili-boldy/