Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қуанатын жаңалық жоқ": атышулы Байзақова еліміздегі жағдайға қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Айжан Байзақова
Фото: Instagram/bayzakova

Қазақстандық танымал блогер Айжан Байзақова елімізде болып жатқан жағдайларға қатысты пікір білдіріп, желіде жаңа жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Айжан Байзақова Instagram желісінде оқырмандарымен тілдесіп, елімізде болып жатқан соңғы жағдайларға пікір білдірді. Желі жұлдызы 2024 жыл Қазақстан үшін аса ауыр басталғанын айтып, қазіргі уақытта қуантарлық жаңалық болмай жатқанын жеткізді.

"Жақсы жаңалықтармен мақтана алмаймыз. 2024 жыл жер сілкінісінен басталып, күйзеліске түстік. Бишімбаевтың сотын көру де халық үшін қиын болып жатыр. Енді су тасқыны орын алып, талай адам баспанасынан айырылып қалды. Тағы да стресс алдық. Қазақстанның соңғы жаңалықтарын ашып қараңыздаршы, қуантарлық жаңалық бар ма? Әрине жоқ. Жағдайымыз осы", - деп жазды блогер ару.

Айжан Байзақованың Stories-i
Айжан Байзақованың Stories-i. Скриншот: Instagram/bayzakova

Айта кетейік, әнші Мадина Сәдуақасова да еліміздегі су тасқынына қатысты пікір білдіріп, зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетті. Өнер иесі отбасының атынан гуманитарлық көмекке 1 млн теңге аударған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2080541-quanatyn-zanalyq-zoq-atysuly-baizaqova-elimizdegi-zagdaiga-qatysty-pikir-bildirdi/