Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларым үшін": Мақпал Исабекова басынан қиын кезеңді өткеріп жатқанын айтты

Жарияланған күні:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: instagram.com/makosyai

Отандық танымал әнші Мақпал Исабекова желіде жан сырын ақтарып, қазіргі уақытта басынан қиын кезең өткеріп жатқанын айтты. Шоу-бизнес жұлдызы бұл сынақты мәңгі есінде сақтап қалатынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова бүгінде басына түскен сынақты балалары үшін еңсеріп келе жатқанын алға тартты.

Оған қоса өнер иесі өмірінде орын алған жағдайлар жолдасы екеуіне қатысты емес екенін кесіп айтты.

"Дәл қазіргі уақытта өмірімде болып жатқан жайттар жайлы кейін кітап жазып шығарамын. Бұл төзімділікті тексеретін сынақ болар. Оны сүрінбей өту үшін ақыл мен күш-қуат бере гөр, құдайым. Мен өмірімнің бұл кезеңін кванттық серпіліс ретінде мәңгі есімде сақтап қаламын. Әзірге балаларым үшін барымды салып, еңсеріп келе жатырмын. Бұдан көбірек айтқым келсе, бәрін ашық айтар едім. Бұл өмірде мәселенің барлығы еркек пен әйелдің қарым-қатынасына ғана тірелмейді. Одан басқа жағдайлар да бар", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Мақпал Исабекованың Stories-i
Мақпал Исабекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/makosyai

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2080586-balalarym-usin-maqpal-isabekova-basynan-qiyn-kezen-otkerip-zatqanyn-aitty/