"Күресе алмайды деп ойлады": Еркебұлан Тоқтар жекпе-жек кезінде басынан өткен қызықты оқиғасын айтты (видео)
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актер Еркебұлан Тоқтар Алматыда өткен жекпе-жегінде басынан өткен оқиғаны баяндап берді. Өнер иесі "Қызық Live" бағдарламасында қарсыласының командаластарынан балағат сөз естігенін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Еркебұлан Тоқтар бағдарлама барысында өміріндегі қызықты оқиға туралы айтып берді
"Бұл жағдай Алматыда өткен жекпе-жегімде болды. Қарсыласым мені "Күреса алмайды" деп ойлайды. Ал маған "Соңғы 40 секунд қалғанда, күреске кірісші" деді. Маған "40 секунд қалды" деп айқайлайды. Қарсыласым күреске ыңғайланып тұр екен. Кірісіп кеттім. Қарсыласым ұтылып жатыр. Бұл қарсыласыма тұншықтыруға ыңғайлы сәт.
Оның адамдары "Қылқындыр" деп айқайлап жатыр. Оның қылқындыра алмайтынын біліп тұрмын. "Мә, саған қылқындырады" деп айқайладым. Сөйтсем, қарсыласымның командаластары мені балағаттап үлгерді", – деп күлді Еркебұлан Тоқтар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2080844-kurese-almaidy-dep-oilady-erkebulan-toqtar-zekpe-zek-kezinde-basynan-otken-qyzyqty-oqigasyn-aitty-video/