"Миллиардтаған ақша қайда кеткен": Фариза Төреәлі су тасқыны жайлы ойын айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал блогер Фариза Төреәлі елімізде орын алған су тасқынына қатысты пікір білдіріп, желіде азулы жазба жариялады. Желі жұлдызы төтенше жағдайлар кезінде халық үнемі ақша жинайтынына шүйлігіп, билік өкілдерін сынға алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фариза Төреәлі төтенше жағдай кезінде қалың көпшілік бірден блогер мен әншілерді кінәлайтынына күйінді.
"Барлық әлем бойынша түрлі табиғат апаттары болып жатыр. Бізде жер сілкінісі болып, енді соңғы елу жылда болмаған су тасқыны. Ойламаған жерден өз үйінен, қорадағы малынан айырылып қалу оңай емес. Өте қиын сәттер. Алдыңғы жылы Абай облысындағы орман өрті, желінген миллиард қаражат. Алдын алмау салдарынан енді халық зардап шегіп отыр.
Біз не істейміз? Сол баяғы бір-бірімізге көмек, салық төлейміз. Айыппұл төлеп, аұша жинаумен айналысамыз. Елде қандай жағдай болса бірден әншілер мен блогерлер кінәлі. Мемлекеттен бөлген қаражатты солар қалтасына басқандай, олардың қолында билік бардай, депутат немесе министрдай көретін адамдар тобы бар", - деп жазды блогер Instagram парақшасында.
Желі жұлдызы елімізде орын алған жағдайға байланысты биліктегілерді сынға алып, жемқорлық тақырыбын көтерді.
"Жыл сайын айналып келіп ақша жинаймыз. Көмектесуден қашқан халық емеспіз. Бір-бірімізге жанашырмыз. Бірақ неге бір нәрсе қайталана береді? Себебі түпкі жемқорлық мәселесі шешілмеген. Миллиардтаған ақша қайда кеткенін құдай білсін, әркім түбі өз ісіне жауап береді. Саясат жайлы айтқанды ұнатпаймын. Бірақ қарапайым халықты (блогерлер, әншілерді) кінәлай беруді доғарайық. Жауапкершілік артылмаған нәрсеге айып тағылғаны бір түрлі екен", - деп жанайқайын жеткізді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2080913-milliardtagan-aqsa-qaida-ketken-fariza-toreali-su-tasqyny-zaily-oiyn-aitty/