Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шығынын мемлекет толық өтеп береді": Мадина Сәдуақасова су тасқынынан зардап шеккен халыққа басу айтты

Жарияланған күні:

Мадина Сәдуақасова отбасымен
Мадина Сәдуақасова отбасымен. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Әнші Мадина Сәдуақасова су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек ретінде 1 млн теңге аударған болатын. Өнер иесі табиғи апатта шығынға ұшыраған көпшілікті сабырға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті, қазақ елі! БАҚ өкілдерімен қатар барлығы су тасқыны жайлы жарыса жазып жатыр. Бірі ел үшін деп шырылдап, көмек қолын созса, кейбірі кінәліні іздеп, әркімді даттап жатыр. Апат айтып келмейді. Мұндай алапат, топан су елімізде бұрын-соңды болмаған.

Ойламаған жерден Арқалықтан басталған апат, Батыс Қазақстанға да жетті. Қардың еруімен қатар Жайығымыз да тасыды. Аллаға шүкір! Құтқарушылар оқиға орнынан тез табылып, тұрғындар уақытылы эвакуацияланды. Қайырымдылық қорлар, жекеменшік кәсіпкерлер, қаншама өнер адамдары, танымал жомарт жандар миллиондап ақша аударып, тонналап гуманитарлық көмек жіберіп жатыр. "Жаңбырдан соң күн шығады" дегендей, бұл күндер де артта қалып, бәрінің шешімін табылатынына сенеміз. Су тасқынынан зардап шеккен әр жанның шығынын мемлекет толық өтеп береді. Сәл сабыр етсек, бәрі де жақсы болады", – деп жазды Мадина Сәдуақасова Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін әнші су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек ретінде 1 млн теңге аударған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2081270-sygynyn-memleket-tolyq-otep-beredi-madina-saduaqasova-su-tasqynynan-zardap-sekken-xalyqqa-basu-aitty/