Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Асқар Жүнісбековтің әкесі өмірден өтті

Жарияланған күні:

Асқар Жүнісбеков әнші
Асқар Жүнісбеков. Фото: "Төрлетіңіз" бағдарламасы

Әнші Асқар Жүнісбековтің әкесі дүниеден өтті. Қаралы хабарды әнші Ердос Қанаев хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті, ағайын! Асқар Жүнісбековтің асқар тау әкесі Раббысына қайтты. Алла алдынан жарылқасын!

Еркін Нұржанов, Асқар Жүнісбеков үшеуміз бір ауылда туып, бір ауылда өскен соң, ата-аналарымыз да бір-бірімізге әке әрі ана болып кетіп еді. Марат көкеміз де әкеміздей болған кісі еді. Мына суыт хабар жүрегіме қатты батты.

Асқар, қайғыңа ортақпын! Алланың өлшеп берген тағдырымен бір күні бұл өмірден бәрімізде кетеді екенбіз", - деп жазды Ердос Қанаев Instagram-дағы парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2082743-ansi-asqar-zunisbekovtin-akesi-omirden-otti/