Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Толқын Забирова: 7 ай бойы өзгенің баласына сүтімді бердім

Жарияланған күні:

Толқын Забирова
Толқын Забирова. Видеодан кадр: "Алғашқы" бағдарламасы

Отандық танымал әнші Толқын Забирова алғаш ана атанған кезін еске алып, өмірінде болған қызықты оқиғаны айтып берді. Өнер иесі 7 ай бойы өз баласымен қатар, өзге бейтаныс адамның сәбиіне сүтін беріп келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Толқын Забирова анасы босанар кезінде қайтыс болған нәрестеге сүтін берген екен. Бұл туралы эстрада жұлдызы "Мамский әңгіме" бағдарламасында айтты.

"Диярды босанғаннан кейін, педиатр келіп тексерді. Сол кезде кеш болып "біз баланы шомылдыруымыз керек" деп айттым. Сосын шөпке, суға, сүтке шомылдыратынын айттым. Өзімнің сүтімді банкаға жинап қойған едім. Оның көзі түсіп кетті де "сіз бақытты анасыз ғой" деді. Кетіп бара жатқан кезде өтініш айтқысы келіп, қысылып тұрғанын байқадым. "Білесіз бе, ауруханада әріптесіміз босанып, өзі қайтыс болды да, баласы қалды. Сол балаға сүт іздеп жүр едім, сіз бере аласыз ба?" деді. "Сонда мен оны емізуім керек пе?" деп сұрадым. "Жоқ, қайтыс болған кісінің сіңлісі бар, сол сізден күнде келіп, сүт әкетіп тұрады" деді. Бірден келістім. Қатты қуанғаннан ол жылап жіберді. Сөйтсем, ешкім рұқсатын бермеген екен. Көбісі сүтті оқытып, зияны келуі мүмкін деп ойлайды екен" , - деді Забирова.

Өнер иесі соңғы рет ол сәбиді 9 айында ғана көріпті. Әншінің сөзінше, содан бері 20 жыл өткен. Алайда ол бала Забироваға әлі де хабарласпаған екен.

"Сөйтіп, 7 ай бойы омырау сүтімді басқаның баласына беріп отырдым. Кейін бала 9 айға толғанда біздің үйге әкеліп, әжесі, папасы көрсетті. Сол кезде өз балам арық болса, ана сәби топ-томпақ. Менің сүтім жағыпты. Олар Шығыс Қазақстан өңіріндегі Күршім деген жерден екен. "Сол жаққа апарамыз" деді. Одан кейін ешкім хабарласпады. 20 жыл өтті", – деді ол. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2082920-tolqyn-zabirova-7-ai-boiy-ozgenin-balasyna-sutimdi-berdim/