"Суретін салсам, ұрыс естимін": Толқын Забирова неге күйеуін көп көрсетпейтінін айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Толқын Забирова отбасылық өмірі жайлы сыр шертіп, жолдасы Сафар Бабаевты неге көп көрсетпейтінін айтты. Өнер иесінің сөзінше, жолдасының өзі көпшілік алдында жүргенді ұнатпайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Толқын Забирова отағасы өмірде қандай адам екенін айтып, оны неге көп көрсете бермейтінін түсіндірді.
"Менің жолдасым - нағыз еңбекқор азамат. Ол жұмыстың барлығын тындырады, бірақ өзін еш жерде көрсетпейді. Ол өзі сондай. Осы бірнеше жыл бұрын өнерде де, өмірде де бірге жүрген ерлі-зайыптының қатысуымен өтетін үлкен жоба болды. Соған мені де шақырды. Түрлі бағдарламаларға да шақырту алдық. Бірақ Сафар олардың ешбіріне қатыспады. "Өзің қатыса бер, мені қатыстырма" дейді. Тіпті демалысымыздан фото жарияласам, ұрыс естимін. "Неге салдың? Неге шығарасың?" деп ренжитіні бар. Көпшілік назарында жүргенді ұнатпайды", - деді әртіс "Мамский әңгіме" бағдарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2083598-suretin-salsam-urys-estimin-tolqyn-zabirova-nege-kuieuin-kop-korsetpeitinin-aitty/