Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауылда мешіт салып жатқан Фариза Төреәлінің басы дауға қалды

Жарияланған күні:

Дархан Нортаев пен Фариза Төреәлі
Дархан Нортаев пен Фариза Төреәлі. Фото: Instagram/ farizatoreali

Астана маңындағы ауылда мешіт салып жатқан блогер Фариза Төреәлінің басы дауға қалды. Бұл туралы кәсіпкердің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Фариза Төреәлінің айтуынша, бұл іске дәл сол ауылдың тұрғындары кедергі келтірген. Олар блогерді "алаяққа" теңеп, мешіт құрылысының заңдылығына күмән келтірген.

"Біз Дархан екеуміз арнайы мешіт саламыз деп ақша жинадық. Осы мақсатқа жету үшін өте көп еңбек етіп жүрміз. Бұдан бізге бір тиын түспейді. Сіздер айтқандай, зауытқа немесе қалта көтеретін іске ақша салуға болады. Бірақ біздің басты ниетіміз осы болатын. "Алланың үйі" деген киелі, оған бір сөз де тимеуі керек. Ал соған себепкер жандарға осылай айтса, мен білмеймін", - деді Фариза Төреәлі.

Кәсіпкер жастарға қолдау көрсетер аға буынның әрекетіне қайран қалғанын жасырмады.

"Үлкендер осындай жастарды қолдамай жатса, басқа адамдардан не сұрау керек, не ақыл күту керек? Ауылдың кей адамдары Дарханға хабарласып, "сендер кімсіңдер мешіт салып жатқан" дегеннен бастады. Шошып, Бурабайдан ауылға атып шықтық. "Өтірікші, алаяқ екенбіз, "ради хайпа" екен жасап жатқанымыз.

Басқалар не айтса айтсын, бірақ мешіт салынып жатқан ауыл адамдарынан естігеніміз қатты жүрекке батты. Тегін жасап бергелі жатыр едік қой, тиісу себебін түсіне алмадық", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Дегенмен кәсіпкер мешіт құрылысын жалғастыруды шешкен.

"Ешкімге ештеңе айтылмай салынып жатты десеңіздер қателесесіздер. Сауатты адамдар ретінде тіпті сол ауыл ақсақалдарының үйіне де кіріп батасын алдық. Мүфтияттан бастап келістірдік, дәлел бар. О бастан ниет - Алла разылығы. Кей адамдардың сөзі үшін тоқтап қалады деп ойламаңыздар", - деді кәсіпкер.

Артынша Фариза өз парақшасында жазба жариялап, халық пікірін сұрады. Төреғали Төреәлінің қарындасы дәл сол ауылда құрылысты жалғастыруды немесе басқа аймақта жаңасын салуды жоспарлауда.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын блогер Фариза Төреәлі мен жолдасы Дархан Нортаев өз қаражатына мешіт салып жатқанын айтқан еді. Діни ғимараттың құрылысы үш ай бұрын басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2085173-auylda-mesit-salyp-zatqan-fariza-torealinin-basy-dauga-qaldy/