Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қанағаттандыңдар ма": Нұрболхан Шарапов су тасқынынан зардап шеккендерге ақша аударды

Жарияланған күні:

Нұрболхан Шарапов
Нұрболхан Шарапов. Фото: "REVUE WEEKLY" бағдарламасы

Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов су тасқынынан зардап шеккендерге ақша аударды. Бұл туралы өнер иесі өз Instagram парақшасында жазып, дәлелін көрсетті.

Осыдан бірнеше күн бұрын жайдарманшы Нұрболхан Шарапов әлеуметтік желіде үндеу жариялап, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға не үшін бармағанын түсіндірген еді. Өз сөзінде ол табиғи апатпен күресіп жатқан жұртқа 200 мың теңге қаржылай көмек көрсететінін айтып қалған.

Алайда өнер иесінің бұл сөзіне күмәнданған жұрт ақша аударымының чегін сұраған көрінеді. Көп ұзамай әзілкештің өзі әлеуметтік желідегі сыншыларға ашу аралас әзілмен жауап беріп, дәлелін көрсетті.

"Кешегі үндеуден кейін жолға кететін ақшаңды да аудар, чегін көрсет дегендерге. Күйіктің де күлкісі бар демекші. Ал қабыл алыңдар. Енді сендер жіберген чектеріңді көрсетіңдер маған. "Кiмге жiбердiң?" деген шығарсыңдар.

Оралда судың бас-қасында жүрiп, керектi заттарын алып жатқан жандарға жiбердiм. Есепке қанағаттандыңдар ма? Өз ақшам болса да, есеп берейін деп шештім. Аман болыңдар", - деді әзілкеш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2085230-qanagattandyndar-ma-nurbolxan-sarapov-su-tasqynynan-zardap-sekkenderge-aqsa-audardy/