Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Перзенттік парызды өтей алдық па": Асқар Жүнісбеков өмірден өткен әкесін еске алды

Жарияланған күні:

Асқар Жүнісбеков әкесімен
Асқар Жүнісбеков әкесімен. Фото: instagram.com/askar__tau

Осыдан бір апта бұрын әнші Асқар Жүнісбековтің әкесі өмірден өтті. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында әкесіне жантебірентерлік жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ата-анадан бұйырған өмірімнің де, тәрбиемнің де құнын құрметтеймін. Ризашылығым да шексіз. Жасымда әкемнің көңілі үшін "Қайтсем де, жақсы ұл болуым керек" деп өзімді қамшылауым жаман атқа ұрындырмады.

Әкем Марат Шырынбекұлы ораза айттың бірінші күні өміден озды. Жүрегім сыздап кімді, нені іздейтінімді түсінбеймін. Өзімді ме... Өзімдегі бірнәрсені жоғалтып алғандаймын. Ойыма, жаныма кедергі боп, сипаттауға келмейтін бірнәрсе тұр. Біздің алаңсыз өміріміз үшін тірліктің бар бейнетін ауырсынбай, мойындарына жүктеп алған осынау асыл жандардың қадірін біле алдық па? Көңілін таба алдық па? Перзенттік парызымызды өтей алдық па? Осындай ойлар бізді неге әкеміз жанымызда жүргенде мазаламады екен? Әлде әкеміз барда неше жасқа келсек те өзімізді бала сезінеміз бе? Мойныңа мінгізіп еркелеткен, мейірлене құшақтап бауырыңа басқан кездерің енді ешқашан оралмайтын қымбат естеліктер боп қала бермек. Жатқан жерің жайлы болсын! Мейірімі шексіз Алла Тағала жәннаттан орын бұйыртсын, жан әке", - деп жазды Асқар Жүнісбеков.

Еске сала кетейік, осыдан бір апта бұрын әнші Асқар Жүнісбековтің әкесі дүниеден өтті. Қаралы хабарды әнші Ердос Қанаев хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086121-perzenttik-paryzdy-otei-aldyq-pa-asqar-zunisbekov-omirden-otken-akesin-eske-aldy/