"Ескертіп отыру керек": Зарина Омарова күйеуімен арақатынасы қандай екенін ашып айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Зарина Омарова отбасылық өмірі жайлы сыр шертіп, бүгінде күйеуімен қарым-қатынасы қандай екенін айтты. Өнер иесі жолдасының аса қызғаншақ екенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Зарина Омарова ерлі-зайыпты арасында түсініспеушілік болмас үшін көп сырласу керек екенін жеткізді.
"Жолдасым мүлдем өнерге жақын емес. Ол өте қызғаншақ адам. Ол қызғанады, күдіктенеді. Мұндай мәселелер болмас үшін бәрін уақытылы айтып, әңгімелесу керек. Уақытылы ескертіп отыру керек. Қайда бара жатқанымды, қайда келгенімді бәрін айтып отырамын. Сол дұрыс. Жолдасың да тыныш, өзің де тыныш боласың.
Мен тіпті неге тұтқаны көтере алмай қалғанымды да түсіндіремін. Негізі кез келген жағдайда көп сөйлесу керек екен. Мен оған ескертіп айтып отырамын. Жолдасым бұны бағалайды. Ол менің өнеріме де түсіністікпен қарайды. Сахнаға қайта оралуыма да сол кісі себепкер болды. Ол маған қолдауын білдіріп, қаржылай көмектесті", - деді әнші "Ойбай" бағдарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086328-eskertip-otyru-kerek-zarina-omarova-kuieuimen-araqatynasy-qandai-ekenin-asyp-aitty/