Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем қазақша тәрбиеледі": Айқын Төлепберген балаларымен үйде тек қазақ тілінде сөйлесетінін айтты

Жарияланған күні:

Айқын отбасымен
Айқын отбасымен. Фото: instagram.com/aikyn

Әнші Айқын Төлепберген әке тәрбиесі жайлы айтты. Өнер иесі үйінде балаларымен тек қазақ тілінде сөйлесетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алматы қаласының қақ ортасында өстік. Көпқабатты үйдегі 35 пәтердің тек екеуінде ғана қазақ отбасы тұрдық. Басқа отбасылар өзге ұлт өкілдері еді. Көшеге шықсақ, бәрі орыс тілді болатын. Ал үйде әкем қазақша тәрбиеледі, қазақша сөйлетті. Әкем қазақша тәрбиеге баулыды.

Қазір өзім де осыны ұстануға тырысамын. Көшенің бәрі орыс тілді, бірақ балалармен үйде тек қазақ тілінде сөйлесемін", - деді Айқын Төлепберген Instagram-дағы парақшасына жариялаған видеода.

Айта кетейік, Айқын Төлепбергеннің бірінші некесінен екі баласы, екінші некесінен екі баласы бар.

Еске сала кетейік, Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали 2017 жылы неке қидырған. Бүгінде екі баланың ата-анасы атанып үлгерген жұлдызды жұп күзде үйлену тойын жасайтынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086811-akem-qazaqsa-tarbieledi-aiqyn-tolepbergen-balalarymen-uide-tek-qazaq-tilinde-soilesetinin-aitty/