Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйеліңіз ұқсайды": Нұрлан Қоянбаев анасымен және әпкесімен түскен суретін көрсетті

Жарияланған күні:

Нұрлан Қоянбаев анасымен және әпкесімен
Нұрлан Қоянбаев анасымен және әпкесімен. Фото: instagram.com/koyanbayevnurlan

Нұрлан Қоянбаев әпкесімен бірге анасының тізесіне отырып, бала кездегі суретін қайталаған. Қазақстандық продюсер, актер әрі тележүргізуші қос суретті Instagram парақшасында бөлісті.

Нұрлан Қоянбаев ностальгияға беріліп, әпкесімен анасының тізесінде отырған суретін жариялады. Ол мұрағаттағы ақ-қара суретпен бірге қазіргі фотосын да бөлісті.

Продюсер анасы мен әпкесінің Instagram парақшасын белгілеп, жазбаны жүрекпен толықтырған.

Актердің жанкүйерлері бұл суретке қатысты оң пікірлер жазып қалдырды.

"Әйеліңіз анаңызға ұқсайды", "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды", "Нұреке, анаңызға ұқсайсыз", "Мұрныңыз бала кезден күшті екен" деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086844-aieliniz-uqsaidy-nurlan-qoyanbaev-anasymen-zane-apkesimen-bala-kezde-tusken-suretin-korsetti/