Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дипломыңмен жұмыс істе": Сара Тоқтамысова әкесінің айтысқа қатысуына қарсы болғанын айтты

Жарияланған күні:

Сара Тоқтамысова
Сара Тоқтамысова. Фото: instagram.com/sarkanai

Танымал айтыскер Сара Тоқтамысова айтысқа шығуына әкесінің қарсы болғанын айтты. Ақын "Кімнің есінде" бағдарламасында әкесінің алғаш батасын берген кезін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әкем әскери адам. Қатал адам. Үйдің тұңғышы болғаннан кейін қатты ұстады. Екіншіден, "Дипломыңды ал, сонымен жұмыс істе. Бітті! Өнер деген не ол? Айтыс деген оңай емес. Ертең біреу бірнәрсе айтса, сағың сынады" деп шай үстінде үнемі айта беретін.

Содан ең алғаш оқушылар айтысына барғанда "Болмайды. Анаң екеуің не бастап жүрсіңдер" деп айқайлады. Анам өнердегі ең үлкен жанашырым ғой. Анам біреуден көйлек алып, біреуден домбыра алды. Қайбір өз көйлегім дейсің? Кәдімгі қарапайым отбасымыз ғой. Сол кезде айтысқа барып, бас бәйге алып келгенде де әкем мойындамай қойды. Ең алғаш Мақсат Ахановпен айтысқан үлкен айтыстан соң елге келгенде "Балам өзің біл. Саған қарсы емеспіз. Таңдаған жолың осы болса, абыройың биік болсын" деп әкем батасын берді", - деді Сара Тоқтамысова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2087060-diplomynmen-zumys-iste-sara-toqtamysova-akesinin-aitysqa-qatysuyna-qarsy-bolganyn-aitty/