"Кездессек те айтпаймын": Сара Амангелді өзін Тұрарға қосатын көпшілікке жауап берді
Жарияланған күні:
Жастар арасында кеңінен танылған әншілер Сара Амангелді мен Тұрар Ыдырыстың қарым-қатынасы жайлы қауесеттер әлі де толастар емес. Сара Амангелдінің соңғы берген сұқбаты да елді ойландырып қойған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Сара Амангелді өнердегі әріптесіне қолдау білдіріп, оның жеке концертінде бірге ән шырқаған. Ән кешінен кейін өнер иесі ашыла сұқбат беріп, Тұрарға қатысты өз ойын айтты. Ол өзін әнші жігітпен қосатындарға жауап берді.
"Тұрар негізі өте жақсы жігіт. Бұрын оны өзінше деп ойлайтынмын. Екеуміздің жасымыз бір, басымыз бос болғандықтан қосып жатады. Екеуміздің арамызда тек шығармашылық, әріптес ретінде араласамыз. Біз кездесіп жатсақ та, мен оны айтпаймын. Ол құпия ғой. Анам да Тұрарға риза. Нағыз ер мінезді жігіт қой. Негізі мен шетелге кету керек болғанмын. Бірақ Тұрардың концерті үшін бәрін ысырып қойдым.", - деді Сара Амангелді "Revue News" бағдарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2087189-kezdessek-te-aitpaimyn-sara-amangeldi-ozin-turarga-qosatyn-kopsilikke-zauap-berdi/