"Қолдан келер не шара": Гүлзира Айдарбекова су басқан өңірлердің хал-ахуалын айтты
Жарияланған күні:
Эстраданың бір топ өкілімен су басқан өңірлерге аттанған Гүлзира Айдарбекова Атырау мен Оралдағы, Ақтөбедегі халықтың хал-ахуалын айтты. Продюсер өз ойын Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Гүлзира Айдарбекова әріптестерімен бірге бірнеше күннен бері әр аймақты аралап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдаған. Эстрада өкілдері қолынан келген көмекті көзбе-көз тапсырған.
"Айтып тұрып жылады, бізді қоса жылатты. Отбасын құрғаннан бастап қанша еңбегімен жиған дүние-мүлкі мен ыстық ұясынан айырылған, үстіне дұрыс киімдерін киіп те, азын-аулақ заттарын да алып үлгермей, 5-6 баласын жетектеп шыға салған қаншама ана көз жасына ерік берді.
Әрқайсысын құшағыма қысып, беттерінен сүйіп жұбатқаным болмаса, қолдан келер не шара. Әйелдер түгілі, бізбен бірге барған өнердегі ер азаматтардың жүрегі қарс айырылып, көңіл-күйі түсіп қайтты. Қолдарынан келері сол - жұмылған қария мен балаға дейін қапшыққа топырақ толтырып, айнала қоршау жасауда", - деді продюсер.
Осылайша Қайрат Нұртастың анасы көпшілікті ниетін түзеуге шақырды.
"Алланың қаhарынан сақтанып, ниетімізді түзеп, өсектен арылайықшы. Соңғы кезде біреуді-біреу артын аңдып, мысқылдап, қайтсем күлкі етемін деген қара ниет көбейіп кетті. Азғантай ғана қазақпыз, неге біріміздің етімізді біріміз жеуіміз керек", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2087609-qoldan-keler-ne-sara-gulzira-aidarbekova-su-basqan-onirlerdin-xal-axualyn-aitty/