Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сүмірейіп қалма": ұзатылып жатқан қызға бата берген әжей жұртты күлкіге қарқ қылды

Опубликовано:

Бата берген әжей
Бата берген әжей. Видеодан кадр: Instagram/ kaz.press

Әлеуметтік желіде ұзатылып жатқан қызға бата берген әжейдің видеосы тарады. Көпшілік оның сөзін қолдайтынын айтып, жарыса пікір қалдыруда.

Әжейдің видеосы Instagram желісіндегі парақшаларда жаппай тарап жатыр.

"Үлкенге үлгілі, кішіге сыйлы келін бол. Ата-енеңді сыйла, үйден көрген тәрбиелеріңді іске асыр, жаным. Ибалы бол, бірақ сүмірейіп қалма. Батыл бол, биік-биік тауларға шыға бер. Үбірлі-шүбірлі, бала-шағалы болып, бақытты өмір сүр. Жүзіңнен күлкі кетпесін, жаманшылық басыңнан өтпесін, жаным. Аспаның ашық, жүзік жарық болып, бақытты бол", - дейді өз сөзінде ол.

Бұл видеоны көрген көпшілік түрлі пікір жазып қалдырды. Оқырмандардың басым бөлігі әжейдің сөзін құптаған сыңайлы.

"Дұрыс айтты", "Дұрыс, сүмірейіп қалма", "Барлық қыз-келіншек бақытты болсын", Дұрыс, үндемесең басына береді", "Неге жылап жатырмын?" , "Келісемін" , "Күлкімді тыя алмай отырмын" деді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087699-ibaly-bol-sumireiip-qalma-uzatylyp-zatqan-qyzga-bata-bergen-azei-zurtty-kulkige-qaryq-qyldy/

pixel